Текст песни
Екі жүрек махаббатты құрайды
Бірін-бірі сағынады, сұрайды.
Саған ғана назданамын
Саған ғана мәз боламын
Маған осы сезім ұнайды.
Жаныма кел, тыңдатайын ал енді
Сен туралы жүректегі әуенді
Саған ғана күлімдеймін
Саған ғана “күнім” деймін
Жарық еткен мендік әлемді.
Қайырмасы:
Ұнайды қарағаның,
Бағыңа балағаның
Жүрегімнің саған әнін, бәрін арнадым.
Сен менің қалауымсың
Ең сәтті таңдауымсың
Орындалған арманымсың, бағым, бағалым.
Бақытымсың жүрек өзі таңдаған
Өзіңменен әдемі екен бар ғалам
Саған ғана бақ боламын
Саған ғана ақ таңдарым,
Бар сезімім саған арналған
Махаббаттың таусылмасын өлеңі
Жүрегіме сен ғанасың керегі
Саған ғана асығамын
Саған ғана ашыламын
Сені сондай жақсы көремін!
Қайырмасы:
Ұнайды қарағаның,
Бағыңа балағаның
Жүрегімнің саған әнін, бәрін арнадым.
Сен менің қалауымсың
Ең сәтті таңдауымсың
Орындалған арманымсың, бағым, бағалым.
Перевод песни
Два сердца занимаются любовью
Они скучают друг по другу, они просят.
Я забочусь только о тебе
Я наслаждаюсь тобой
Мне нравится это чувство.
Приди ко мне, дай мне послушать сейчас
Мелодию в моём сердце о тебе
Я улыбаюсь только тебе
Я называю тебя только "моим днём"
Мой мир, который ты осветила.
Припев:
Мне нравится смотреть на тебя,
Твой ребёнок – твой сад
Я посвятила тебе песню своего сердца, всё.
Ты – моё желание
Ты – мой лучший выбор
Ты – моя сбывшаяся мечта, мой сад, моя драгоценность.
Ты – моё счастье, сердце выбрало для себя
Вся вселенная прекраснее тебя
Я буду только твоим садом
Мои утра только для тебя
Все мои чувства – для тебя
Стихотворение любви, которое не иссякнет
Ты – единственный, кто нужен моему сердцу
Я спешу только к тебе
Я откроюсь только для тебя
Я так сильно тебя люблю!
Припев:
Я люблю твой взгляд,
Я люблю твой сад,
Я посвятила тебе песню своего сердца, всё.
Ты — моё желание,
Ты — мой лучший выбор,
Ты — моя сбывшаяся мечта, мой сад, моя драгоценность.