Текст песни BaGi - Ініме

  • Исполнитель: BaGi
  • Название песни: Ініме
  • Дата добавления: 18.12.2020 | 16:02:03
  • Просмотров: 215
  • 0 чел. считают текст песни верным
  • 0 чел. считают текст песни неверным

Текст песни

Ініме

Қ-сы:
Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде,
Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде.
Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін,
Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін.
Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма,
Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма.
Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын,
Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.

Қалайсың, інім, Олжас, қалай жағдайың?
Ағаң тұрады артыңда қамал болып әрдайым.
Тілдеспейміз екеуміз – уақыттың жоқтығы,
Болмашы тірліктер, жұмыстардың көптігі.
Тамырымызда біздің ағуда бірдей қан,
Сен үшін тақалса, кез келген жерде тұрамын.
Тосамын кеудемді атылған әрбір оққа,
Үміттерді үзбе, бауырым менің, тоқта.
Мен саған қызығамын, пәк күлкіңе жүзіңдегі,
Сен сәби кезіңнен бастан қайғы үзілмеді.
Анамыз үшеуіміз тоздырғанбыз емхананы,
Осының барлығы бұзды ғой мендік сананы.
Уайымсыз өмірді лайым сені көрсін деймін,
Бағаларың қандай, қадағалап та білмеймін.
Сен маған ұқсама – білімді білік алмадым,
Жемісі болмаса да, көше өнерін таңдадым.

Қ-сы:
Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде,
Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде.
Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін,
Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін.
Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма,
Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма.
Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын,
Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.

Сен ашқанда дүниеге үлкен есігіңді,
Менің қолдарым тербетті сен жатқан бесігіңді.
Көз алдымда менің қадам басып, тіл қатқаның,
Менің оқулықтарымды балалықпен жыртқаның.
Байқасам, өсудесің бой түзеп жылдан жылға,
Артқа шегінбе, қадамда алға, алға.
Сенің арың таза, жамандықты ойламайсың,
Бірінші жанкүйерім, ағаңды әр кез қолдайсың.
Мен саған қызығамын, пәк күлкіңе жүзіңдегі,
Жауапсыз махаббатты жүрегің әлі сезінбеді.
Алданып сезімнен, махаббаттан безінбедің,
Көңілің қалып досыңнан, жауыңнан жапа шекпедің.
Көңілің сенің – сия түспеген парақ,
Үмітің сенің – түнде жағылған шырақ.
Демеу берер артыңда ағаң әр кез тұрады,
Өмірде жылама – өмірді сен жылат!

Қ-сы:
Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде,
Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде.
Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін,
Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін.
Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма,
Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма.
Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын,
Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.

Сен оқуда кезде таңғы ұйқыдан оянамын,
Сен ұйқыда кезде терең түнде ораламын.
Кейде алыс жолдамын, кейде алыс жерде,
Сөз құрап сол себепті отыра алмаймыз бірге.
Жиналысыңа қатыса алмай мен мектептегі,
Себебі түрлі жолдар қай-қайда әкетпеді.
Отырмын студияда, болдым түрлі концертте,
Немесе отырыс, жиын, түр-түрлі банкетте.
Доп қуалап сенімен уақыт өлтіргім келеді,
Өмір әлі алда, ондай мүмкіндік келеді.
Ең бастысы, інім, ағаң саған сенеді,
Қиналған мезгіліңде желден жылдам жетеді.
Байқасам, бауырым, он үш жылды артқа тастапсың,
Алтыншы сыныпты бітіріп жетіншіге аттапсың.
Менің орындаған әндерімді шетінен жаттапсың,
Бірінші жанкүйерім, үміттерімді ақтапсың.

Қ-сы:
Жаныңда бола алмаймын күнделікті күндерде,
Қасыңда қона алмаймын қалжыраған түндерде.
Егер де қиналсаң, желден жылдам жетемін,
Қолдан келгенді жасап саған демеу беремін.
Өмірде ағаң бар, ешқашанда қысылма,
Ешкімге есе жіберіп үмітсіз жығылма.
Інішек, ұтылма, өмір деген – ойын,
Кедергі, қиындықтарды мойынсынба, жойғын.

Перевод песни

Мой брат

S:
Я не могу быть с тобой каждый день,
Я не могу оставаться с тобой усталыми ночами.
Если у тебя проблемы, я догоню ветер,
Я сделаю все возможное, чтобы поддержать вас.
У тебя есть брат по жизни, никогда не сжимайся,
Ни от кого не сдавайся.
Не сдавайся, жизнь - игра,
Разрушайте препятствия и трудности.

Как дела, брат, Олжас, как дела?
Твой дядя всегда за тобой.
Не общаемся - нехватка времени,
Мелочи, много работы.
В наших жилах течет такая же кровь,
Я буду жить где угодно ради тебя.
Я жду каждой пули в грудь,
Не отчаивайся, брат мой, остановись.
Ты мне интересен, чистая улыбка на твоем лице,
Боль не прекращается с самого детства.
Мы с мамой ходили в клинику,
Все это тревожило мое сознание.
Я хочу, чтобы ты прожил беззаботную жизнь,
Я даже не знаю, какие у вас цены.
Ты не такой, как я - образования не получил,
Хотя это не сработало, я выбрал стрит-арт.

S:
Я не могу быть с тобой каждый день,
Я не могу оставаться с тобой усталыми ночами.
Если у тебя проблемы, я догоню ветер,
Я сделаю все возможное, чтобы поддержать вас.
У тебя есть брат по жизни, никогда не сжимайся,
Ни от кого не сдавайся.
Не сдавайся, жизнь - игра,
Разрушайте препятствия и трудности.

Когда вы открываете большую дверь в мир,
Мои руки трясли колыбель, на которой вы лежали.
Вы встали передо мной и заговорили,
В детстве вы рвали мои учебники.
Я замечаю, что ты год от года растешь,
Не отступайте, шагайте вперед, двигайтесь вперед.
Сердце твое чисто, зла ты не думаешь,
Мой первый фанат, ты всегда поддерживаешь своего брата.
Ты мне интересен, чистая улыбка на твоем лице,
Ваше сердце еще не чувствовало безответной любви.
Вас не обманывают чувства и любовь,
Вы не разочарованы в своем друге или враге.
Ваше настроение - лист чернил,
Ваша надежда - это свеча, зажженная ночью.
Твой дядя всегда за тобой,
Не плачь по жизни - ты плачешь по жизни!

S:
Я не могу быть с тобой каждый день,
Я не могу оставаться с тобой усталыми ночами.
Если у тебя проблемы, я догоню ветер,
Я сделаю все возможное, чтобы поддержать вас.
У тебя есть брат по жизни, никогда не сжимайся,
Ни от кого не сдавайся.
Не теряй, жизнь - игра,
Разрушайте препятствия и трудности.

Я просыпаюсь утром, пока ты учишься,
Я вернусь глубокой ночью, когда ты спишь.
Иногда я далеко, иногда далеко,
Вот почему мы не можем сидеть вместе.
Не мог посещать собрания, учился в школе,
Потому что разные дороги никуда не вели.
Сижу в студии, на разных концертах был,
Или на встрече, посиделках, различных банкетах.
Я хочу гоняться за мячом и убить время с тобой,
Жизнь еще впереди, такая возможность еще впереди.
Самое главное, брат мой, твой дядя тебе доверяет,
Когда ты в беде, он быстрее ветра.
Я вижу, брат мой, что ты оставил позади тринадцать лет,
Вы закончили шестой класс и пошли в седьмой класс.
Вы запоминаете песни, которые я пел,
Мой первый фанат, ты оправдал мои ожидания.

S:
Я не могу быть с тобой каждый день,
Я не могу оставаться с тобой усталыми ночами.
Если у тебя проблемы, я догоню ветер,
Я сделаю все возможное, чтобы поддержать вас.
У тебя есть брат по жизни, никогда не сжимайся,
Ни от кого не сдавайся.
Не сдавайся, жизнь - игра,
Разрушайте препятствия и трудности.

Смотрите также:

Все тексты BaGi >>>